Новости KZ

Автокөлік кепілдігі арқылы несие алу бизнесті дамытудың маңызды құралына айналды

Swiss Capital компаниясы автокөлік қозғалыс құралы ғана емес, инвестиция үшін тиімді және өтімді мүлік екендігіне сенімді

Қазақстан 2024 жылы автонесиелеу бойынша рекорд орнатты. Портфель 44,8% өсіп, 3,6 трлн теңгені құрады. Берілген несие көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 13,2% артып, 1,8 трлн теңгеге жетті. Қарыз алушылардың саны 10,2% өсіп, 214 мыңнан асса, келісімшарттардың саны 5,7% артып, 228,4 мыңды құрады. Көлікті сатып алуға несие ұсынатын компаниялардың бірі —Swiss Capital микроқаржылық ұйымы. Алайда оның негізгі өнімі – автокөлік кепілдігі арқылы несиелеу. Swiss Capital МҚҰ бас директоры Анна Максимова бізге өнімнің артықшылықтары, осы қаржылық өнім неліктен халықтың қызығушылығына ие екендігі және осы қызметтің қолжетімділік деңгейін арттыру жолында компания өзіне қандай стратегиялық мақсаттарды қоятындығы туралы айтып берді.
– Автокөлікті кредитке алу жеке көлікті сатып алудың танымал тәсілдерінің бірі болып тұр. Алайда ұсынылатын шарттар өзара елеулі ерекшеліктерге ие. Сіз Swiss Capital компаниясының Қазақстанның қаржылық нарығындағы ағымдағы орнын қалай бағалайсыз? Компанияға өзінің үздік позициясын сақтап тұруына оның қандай бәсекелестік артықшылықтары көмектесуде?
– Ең алдымен, анықтаманың не екендігін толық түсіну қажет. Екі қаржылық өнім бар: «автокөлікті сатып алуға несие» және «автокөлік кепілдігіне берілетін несие». Өзара ұқсастығына қарамастан, олар екі түрлі мақсатта қолданылады.

Swiss Capital өнім желісінде осы екі өнім бар, алайда автокөлік кепілдігіне берілетін несие маңызды екендігін атап көрсеткен жөн.

Swiss Capital Қазақстан нарығында 2017 жылдан бастап қызмет көрсете отырып, несиелеу нарығында өзінің орнын тапты. Біздің негізгі бәсекелестік артықшылықтарымыз:

  • икемділік, яғни біз әрбір қарыз алушының мүмкіндіктеріне сәйкес келетін кредиттеудің шарттарын таңдай отырып, ыңғайлы мерзімді, кепілзат ретінде қабылданатын техниканың (жеңіл көліктен бастап арнайы техникаға дейін) кең диапазонын және несие берудің ыңғайлы шарттарын ұсынамыз;
  • ашықтық пен сенімділік. Біз ұсынатын қарызда жасырын комиссиялар мен түсініксіз шарттар, сақтандыру мен қосымша төлемдер жоқ, яғни клиенттер қаржыландыруды қандай шарттармен алатындығын нақты түсінеді;
  • қауіпсіздік, біз клиенттердің дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етеміз және оларды тиесілі деңгейде қорғаймыз;
  • бедел мен клиенттердің сенімі. Қарыз алушылардың басым бөлігі бізге қайтадан келеді немесе клиенттеріміздің ұсынымдары бойынша жүгінеді. Менің пікірімше, бұл біздің жұмысымыздың ең үздік көрсеткіші.
– Автонесиелеуді ҚР-дағы 21 ЕДБ-ның ішінде 10 ірі несиелеумен айналысатын банк ұсынады. Swiss Capital түрлі клиенттер үшін автонесиелеудің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін қандай іс-шараларды жүзеге асыруда?
– Көптеген қарыз алушылар бізді несиелеудің мынадай артықшылықтары үшін таңдайды: өтінімді ресімдегеннен кейін бір сағат ішінде алдын ала шешім, қаражатты жүгінген күні алу мүмкіндігі, мұндай қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме кепілсіз несие бойынша мөлшерлемеден төмен, көлік құнының 70% мөлшеріндегі ақшаны алу, бұл ретте көлік құралы клиенттің иелігінде қалады, ал бұл өте ыңғайлы екендігі анық.

Біздің клиентіміздің портреті: 30-45 жас аралығындағы ер кісі, әдетте бизнесті дамыту үшін жылдам қаржылық шешімдерді қалайтын кәсіпкер. Автокөліктің болуы осы сұрақты шешуге мүмкіндік береді.
Біздің негізгі артықшылығымыз — қарыз алушыларды, кепілзатты және сатушыларды бағалау кезіндегі сараптама. Біз клиенттің төлемге қабілеттілігін нақты есептеп, кепілзаттың өтімділігін ескере отырып, оны дұрыс бағалап, клиентке оңтайлы шарттарды ұсынамыз. Скорингтің зияткерлік жүйесі жылдам жұмыс істеп, ашық шарттарды ұсынуға, осылайша клиенттің тарихын және мәміле нысанын талдау есебінен тәуекелдіктерді азайтуға мүмкіндік береді.
– Алдағы 3–5 жылға компания өзіне қандай негізгі стратегиялық мақсаттарды қойды?
– Алдағы 3–5 жылда біз жүзеге асыруға болатын өршіл мақсаттарды қойдық. Бізге портфельді арттыру ғана емес, клиенттеріміз үшін ыңғайлы, жылдам және пайдалы өнімдерді шығарып, оларды ұсыну өте маңызды.

Біз берілетін қарыздың көлемін арттыруды, цифрлық арналар арқылы клиенттердің басым бөлігіне қызметтерімізді қолжетімдірек етуді жоспарлап отырмыз. Портфельдің сапасын сақтау, сонымен қатар клиенттерімізге аса тиімді шарттарды ұсыну үшін тәуекелдерді талдау мен оларды басқару жүйесін дамытамыз. Сервисті жақсарту клиенттеріміздің бізбен өзара әрекеттесу тәжірибесінің оң болуына алып келетіндігіне кәміл сенеміз. Ол үшін ресімдеуді жеңілдетеміз, ыңғайлы цифрлық сервистер мен адалдық бағдарламаларды енгіземіз. Мысалы, қазір бізде «Көктемгі миллион» атты акция өтіп жатыр. Наурыз айының нәтижелері бойынша акцияның жеңімпазы өзінің жүлдесін қарызын мерзімінен бұрын өтеуге жұмсай алады.

​Алайда біздің негізгі мақсатымыз – шағын және орта бизнес сегментіндегі клиенттеріміз үшін қаржылық өнімдерді дамыту, себебі клиенттеріміздің 80%-ы ШОБ өкілдері. Егер мұндай клиенттеріміздің үлесін қарайтын болсақ, олардың 19%-ы өзіне-өзі жұмыс істейтін кәсіпкерлер, 58% – жеке кәсіпкерлер және 23% – ЖШС өкілдері. Жеке тұлға түрінде емес, кәсіпкер ретінде клиентке несиелеудің аса тиімді шарттарымен несие алуға мүмкіндігі жоғары болады, сол себептен ШОБ бағыты жақын арада Swiss Capital-дың негізгі бағытына айналады.
– Автонесиелеу Қазақстан экономикасында аса маңызды рөлді атқарады, халықтың мобильділігін артады, көлік өндірісі дамиды. Сіздің пікіріңізше, қазақстандық автонесие нарығының жақын арада даму перспективалары қандай?
– Нарықтың тұрақты дамуы және жақын арада бұл тенденцияның қарқыны артатындығы анық. Кепілзатсыз несиелеудің жоғары сұранысқа ие екендігіне қарамастан, көлік кепілзаты есебінен берілетін қарыздар динамикалық түрде дамитындығын жорамалдауға болады. Бұл олардың қолжетімділігімен, қарыз алушылар үшін аса тиімді шарттармен және құралдың сенімділігімен байланысты.

Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторы – цифрландыру мен үдерістерді жеңілдету. Нарықта мықты ойыншылардың қызмет көрсетуі сервистердің жылдамдығын, ыңғайлылық деңгейі мен ашықтығын жақсартуға өз септігін тигізеді.

Перспективалар анық: нарық ары қарай дамиды, клиенттер үшін аса икемді және ыңғайлы қаржылық шешімдер ұсынылады.
– Swiss Capital-дың Қазақстандағы автонесие нарығын дамытудағы рөлі қандай деп ойлайсыз?
– Біздің мақсатымыз – компаниядағы үздік шешімдерді ғана емес, нарықтағы жаңашыл шешімдерді сақтап, оларды арттыру. Осыған дейін айтып өткендей, компанияның орта мерзімді перспективадағы маңызды мақсаты – компаниямызда жақын арада негізгі бағытқа айналатын ШОБ бағытын дамыту.
– Қазір компанияның 11 қалада 25 бөлімшесі бар. Өңірлерде жаңа бөлімшелерді ашып, қамту көлемін арттыру жоспарда бар ма?
– Қазіргі таңда біздің көшбасшы өңірлерімізге Алматы, Астана мен Шымкент қалалары жатады. Бұған қоса Сарыағаш қаласында клиенттеріміздің саны артып келеді. Алматы облысында жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Әрине, біз басқа қалаларды қамтуды қалаймыз, жаңа нүктелерді аса қажеттілік бар өңірлерде ашамыз. Нарықтың жеке ережелері бар, бүгінгі таңда көптеген компаниялар онлайн кредиттеу нысанына өтіп жатыр. Алайда біз клиенттерге ыңғайлы болу үшін сатудың гибридті нысанын ұсынуды жөн санадық.
qaragandyhabary.kz