Новости KZ

Микрокредит бойынша кейінге қалдыруды ұсыну туралы ақпарат

"Төтенше жағдай" режимі жарияланған өңірлерде тұратын қарыз алушылар үшін микрокредит бойынша кейінге қалдыруды ұсыну туралы ақпарат

"Swiss Capital (Свисс Капитал) "МҚҰ" ЖШС зардап шеккендерге шын жүректен жанашырлық білдіреді және табиғи апаттан кейін тезірек қалпына келуді тілейді.

"Swiss Capital (Свисс Капитал) "МҚҰ" ЖШС "төтенше жағдай" режимі жарияланған өңірлерде тұратын қарыз алушыларға айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемей, төлемдер бойынша үш айға дейін кейінге қалдыруды ұсынады.

Төлемдерді кейінге қалдыру үшін электрондық пошта info@swisscapital.kz мекенжайына өтініш беру керек, немесе Call Center - де не компанияның кез-келген филиалына жолыға аласыз.

Назар аударыңыз, Кепілмен қамтамасыз етілген микрокредиттер бойынша уәкілетті тіркеуші органда кепіл/ипотека шартына Қосымша келісімді тіркеу, сондай-ақ жұбайының(зайыбының) нотариалды куәландырылған келісімін беру қажет болады.
Корпоративтік жаңалықтар