COVID-19

30 Наурыз 2020 ж.

 

Төтенше жағдай режимі кезінде клиенттерді қолдау шаралары туралы.

 

Мерзімін ұзарту үшін Қарыз алушыға компанияның кеңсесіне келудің қажеті жоқ, Компанияның info@swisscapital.kz электрондық дерекжайына мерзімін ұзарту туралы өтінішті жолдау жеткілікті.  Біз Сіздің өтінішіңізді өтініш жасалғанкүннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде қарастырамыз. Кейіннен бұл мерзімін ұзарту сіз жасаған өтініштің негізінде ағымдағы қарызды қайта құрылымдау (қайта қаржыландыру) түрінде жүзеге асырылады.

 

Маңызды:

 

1. 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымына дейінгі кезеңге негізгі қарыз бен сыйлықақы бойынша төлемдерді тоқтата тұру туралы өтініш 2020 жылғы 16 наурызға дейін берілген және осы күнге төлем мерзімі кешіктірілмеген барлық қарыздар бойынша қабылданады.

 

2. Қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты негізгі қарыз бен сыйлықақы бойынша төлемдерді тоқтата тұру үшін Қарыз алушы өзінің қаржылық жағдайының не себепті нашарлағанын (мысалы жұмыстан шығару, ақысыздемалыс) көрсетуі қажет. Қандай да бір құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

 

3. Өтінішті 2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымына дейінгі кезеңде кез келген уақытта беруге болады.

 

4. Төменде көрсетілген санаттарға жатқызылған қарыз алушылар бойынша негізгі қарыз бен сыйлықақы бойынша төлемдерді тоқтата тұру үшін өтініш беру талап етілмейді.

 

1) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына;

 

2) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;

 

3) Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздарға.

 

5. Компания Төтенше жағдай режимі кезеңінде 2020 жылдың 16 наурызынан бастап туындаған мерзімі өткен айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді.

 

6. Карантин аяқталғаннан кейін несие жүктемесін төмендету мақсатында, Сізге берешегіңізді өтеу үшін кез келген мүмкін ішінара төлемдерді жүргізуге кеңес береміз.